Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды

Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 16:37 Сурет: ҚР ІІМ
Көші-қон қызметі хабарлағандай, шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Олардың заңсыз жүргендері "Учаске" іс-шарасы барысында анықталды.

"Бір аптаның ішінде 216 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 38 алыс шетел азаматтары (Африка құрлығы елдерінен – 17 және Түркия – 11), сондай-ақ 178 көршілес елдердің азаматы. Сонымен қатар 105 шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаты болмай, қабылдап-таратуға орналастырылды. Өзбекстаннан – 66, Тәжікстаннан – 25 және Нигериядан – 8. Сот шешімімен Қазақстаннан 40 шетелдік шығарылды, оның 22-сі Өзбекстан азаматы, 11-і Нигерия азаматы", – деді, Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, шетел азаматтарын қабылдаған 54 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: