Қызылорда облысында 86 шетелдік азамат елден шығарылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2026 11:47 Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысында заңсыз көші-қонның алдын алу, шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтауын бақылау және көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ірі шара болды.

2026 жылғы 8-12 маусым аралығында облыс аумағында "Заңсыз келуші – 2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 408 дерегі анықталды. Оның ішінде шетел азаматтарымен жасалған 228 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Заң талаптарын бұзған 86 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік тәртіппен аластатылды. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етпеген еліміздің 148 азаматына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Полиция өңір тұрғындарына шетел мемлекеттерінен жұмыс істеуге келген азаматтарды заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеп, олардың құжаттарын уақытылы рәсімдеудің маңызын ескертеді. Көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау – құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: