Павлодар облысында Қытайдың 20 азаматы ұсталды
Сурет: polisia.kz
Железин аудандық сотында тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған Қытай Халық Республикасының 20 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 23 қазанда Железин ауданының Үрлітөбе ауылының аумағында полиция бөлімінің қызметкерлері заңнамаға сәйкес тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Қытай Халық Республикасының азаматтарын анықтап, істі сотқа жолдаған.
"Сот барысында Қытай Халық Республикасы азаматтарының паспорттарында С3 санатындағы визаның бар екендігі анықталды. Сонымен қатар визаларды ресімдеу жүйесіне сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру орны Алматы қаласы көрсетілген, бұл іс материалдарымен де расталды. Сот отырысында Қытай Халық Республикасының азаматтары өз кінәларын толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген мән-жайларға дау айтқан жоқ. Істі қарау нәтижелері бойынша сот шетелдіктерді ҚР ӘҚБтК 517-бабы, 5-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады".Железин аудандық соты
Қаулылар занды күшіне енді.
Бұған дейін Алматыда жүрген Канада азаматы қамауға алынғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript