361 қазақстандық Украина-Польша шекарасынан өтті
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Украинадан қайтаруды жалғастырып жатыр. Министрлік берген ақпаратқа сай, Украина-Польша шекарасынан 361 қазақстандық өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 наурыздағы жағдай бойынша Украина-Польша шекарасын Қазақстанның 361 азаматы кесіп өтті. Шекарада тағы 40 жерлесіміз өз кезегін күтіп тұр.
Қазақстанның Польшадағы елшілігі біздің азаматтардың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін шекарада дипломаттардың кезекшілігін тәулік бойы ұйымдастырды.Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Сыртқы істер министрлігі Air Astana-ның екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шыққанын хабарлады.
Ұшақ техникалық себеппен Атырауға қонғаннан кейін Нұр-Сұлтанға ұшады. Бортта 120 ересек адам мен төрт бала бар.Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан азаматтарының жиналуына байланысты Катовицеге қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript