Алматыда Lexus контейнерге соғылып, бір адам қаза тапты

апат болды, көлік соғысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 09:28 Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем мен құтқару қызметі келді. Көлік сынықтарынан зардап шеккен үш адам шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының «Өжет» шағын ауданында 11 наурызға қараған түні адам өліміне әкеп соқтырған оқыс оқиға орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus және BMW жүргізушілері көшеде жарысқан. Бір кезде олар патрульдік көлікті байқап қалып, тығылуды ұйғарады.

Сурет: Zakon.kz

Сүмбіле көшесімен жылжып, Үкілі Ыбырай көшесімен қиылысқа таяп келе жатқан жүргізуші Т-тәрізді жол қиылысынан тура жүріп өткен. Көлік қоршауды бұзып, аулаға ұшып кіріп, контейнерге соғылды.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем мен құтқару қызметі келді. Зардап шеккендер көлік сынықтарынан шығарылды.

Сурет: Zakon.kz

Екеуі ес-түссіз жатты, олар дереу ауруханаға жатқызылды. Ал біреуі оқиға орнында қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus ішінде 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер болған.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: