Қаңтар оқиғасы кезінде күштік құрылымдар қаруларын толық пайдаланбады - Бас прокурор
Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде күштік құрылымдарының қаруды толық қолданбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жас сарбаздарды ұрып-соғып, қорлап жатқан видеоларды көрдіңіздер. Сол кездің өзінде шабуылшыларға күш қолданылған жоқ. Бұл әлсіздік ретінде қарастырылды. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов
Мәселен, 5 қаңтарда шабуылшылар қоршауды бұзып өтіп, президент резиденциясына кіріп кеткен. Қызылордада олар Камазды тартып алып, тәртіп сақшыларына әдейі беттеді. Олардың бірі қайтыс болды.
Мұндай әрекеттер терроризм актісі ретінде қарастырылады. Олар қару қолдануға мәжбүр болды. Тәртіп сақшыларының қару қолдануға мәжбүр болғанын баса айтамын. Берік Асылов
Бұған дейін ҚР Бас прокуроры митингілер бастапқыда бейбіт түрде өткенін мәлімдеген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript