Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша тергеудің мән-жайын жариялайды
Сурет: Zakon.kz
14 наурызда сағат 10:00-де палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырыста қаңтар оқиғасын тергеу барысы туралы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жауабы жарияланады.
Қазақстан Республикасы Парламенті төменгі палатасының жалпы отырысының трансляциясы сайтымызда сағат 10:00-де басталады.
Наурыздың 2-сі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеу аяқталғанша күтуді сұрады.
Сондай-ақ қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерден кейін 3502 қылмыстық іс тергеліп жатқаны да бұрын хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript