Қазақстанның солтүстігінде 28 градусқа дейін күн суытады

күн суытады, аяқ жүреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 11:46 Сурет: Zakon.kz
15-17 наурыз күндері Қазақстанда жаңбыр, қар, тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, сондай-ақ минус 28 градусқа дейін күн суытады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі «Оңтүстік» циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Болжам бойынша, тек Қазақстанның солтүстігінде Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалымен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болып, түнде ауа температурасы 17...28 градус аязға дейін төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: