Қазақстандық паралимпидашылар елге оралды

Қазақстан, Паралимпиада, Қытай, Бейжің, парабиатлон Сурет: olympic.kz
15 наурыз күні Қазақстанның паралимпиада құрамасы Бейжіңдегі сайысты аяқтап, елге келді, деп хабарлайды, Zakon.kz.

Olympic.kz сайтының жазуынша, отандық спортшыларды елорда әуежайында жанкүйерлер, журналистер, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері қарсы алды.

4-13 наурыз аралығында өткен Паралимпиада ойындарында шаңғы жарысы мен парабиатлоннан ұлттық құрама сапында Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев сынға түсті.

Парабиатлоннан (10 шақырым) бақ сынаған Александр Герлиц төртжылдықтың басты додасында қола жүлдені жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама 17-орынды иеленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз