Азия ойындарында чемпион атанған хоккейшілер елге оралды

Азия ойындарында чемпион атанған хоккейшілер елге оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2025 12:45 Сурет: instagram/sport_comiteti
Бүгін елге Харбиндегі қысқы Азия ойындарының жеңімпазы - хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы және күміс жүлдегер атанған әйелдер құрамасы оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың халықаралық әуежайынан оларды туыстары, жанкүйерлер, vинистрлік және спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері, федерация өкілдері мен журналистер ыстық ықыласпен күтіп алды.

Еске салайық, Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: