55 қазақстандық АҚШ-тан елге оралды

ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2020 23:46 ҚР СІМ
Бұған дейін осы бағыт бойынша ҚР 33 азаматы аман-есен елге оралған болатын.

Коронавирус пандемиясы аясында АҚШ-тағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан Бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірқатар халықаралық әуерейстердің болмауына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты біздің көптеген азаматтарымыз Қазақстанға ұшып шығу мүмкіндігінен айырылды.

Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі Елшіліктері бірлесіп, отандастарымызды Нью-Йорктен Мәскеу арқылы транзитпен ұшыуын ұйымдастырды.

Бұған дейін осы бағыт бойынша ҚР 33 азаматы аман-есен елге оралған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: