Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Мен халқыммен соңына дейін бірге боламын

Президент жолдауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2022 11:38 Сурет: Facebook/Berik Uali
Жолдауды жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаев халқымен соңына дейін бірге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңтар оқиғасына тоқталған президент қазір алдын ала нәтижелер бар екенін атап өтті.

Шабуыл жасаушылардың мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғанын анық білеміз және олар неге бұған барды деген сұрақ туындайды? Жауабы анық – соңғы жылдары біз Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға және өзгертуге көштік. Түрлі салаларда ауқымды қайта құрулар басталды. Бұл кейбір ықпалды адамдарға ұнамай, заңсыз әрекеттерін алдағы уақытта да жалғастырғысы келіп, билікті басып алуға тырысты. Міне, осылайша қатыгез қылмыскерлер, қарулы топтар мен сатқын шенеуніктер астыртын топ құрды, деді ол.

Мемлекет басшысы келіскен сыртқы және ішкі жаулар билікті басып алғысы келетінін қосты.

Олар халықтың наразылығын басқа бағытқа бағыттап, халықты әдейі айдап салды.Лаңкестер билікті қаралау мақсатында мемлекеттік мекемелерге, стратегиялық нысандар мен кәсіпкерлік нысандарға шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды. Ал мұның барлығын шетелдік радикалды күштер өз мақсаттарына пайдаланғысы келді. Олар Қазақстанды ұрыс алаңына айналдырып, бейбіт өмірімізді жоюға тырысты, президентті биліктен кетіргісі келді. Расында, бұл мемлекеттілігіміз үшін үлкен сынақ болды. Алайда олардың арам ниеті жүзеге аспады, деп нақтылады Мемлекет басшысы.

Тоқаев әрқашан халқымен соңына дейін бірге болатынын айтты.

Ал ең жаманы – іштен шыққан жау жасан деп бабаларымыз бекер айтпаған. Төңкеріс жасамақ болғандар арасында да тұлғалар белгілі болды. Жоғары лауазымды шенеуніктер мемлекетке опасыздық жасады, сатқындардың арасында әскери және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары болды. Олар құқық қорғау органдарының әрекетіне кедергі келтіріп, ел басшылығына қалалардағы жағдай туралы сенімсіз ақпарат беріп, тіпті арнайы мемлекеттік және басқа да байланыс арналарын бақылауға алған. Олар жағдайды тұрақсыздандырудың барлық әдістерін қолданды. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: