Атыраудағы атыс: аман қалған адамның жағдайы қалай
Сурет: pixabay
Атырауда атыс кезінде аман қалған азаматтың басына оқ тигені белгілі болды. Ол қазір комада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің «Мой город» басылымына берген мәліметі бойынша, 27 жастағы ер адам облыстық ауруханаға сағат 22:50-де түскен. Ол қала іргесіндегі Еркінқала ауылының тұрғыны.
Ауруханаға түскен кезде жәбірленушінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Басына оқ тиген. Операция жасалды. Қазір науқас комада, жағдайы әлі ауыр. Науқас бас сүйек-ми зақымын, сонымен қатар ми жарақатын алған. Оған қоса науқастың бас миы мен бет қаңқасы жарақаттанған, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір науқас дәрігерлердің жіті бақылауында.
Еске салсақ, Атырауда 15 наурыз күні сағат 20:00 шамасында Авангард аялдамасында атыс болғанын жазған едік. Салдарынан үш адам қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript