Тікұшақ апаты: дәрігерлер аман қалған екеудің жағдайы туралы айтты
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде тікұшақ апатынан аман қалған екі ұшқыш ауруханадан шықты. Бейбарыс Ыбыраев пен Рүстем Нығметов қазір өз үйлерінде. Олар енді ем-домды үйінен алатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір ажалдан аман қалған әскерилердің денсаулығында қазір еш кінәрат жоқ дейді дәрігерлер. Жақын күндері көкке көтеріліп тікұшақ басқара берсе болады деп отыр, деп хабарлайды КТК.
"Диагонозы: қосалқы жарақат, ми шайқалған. Денесі соғылған. Күйік те бар. Жағдайы қанағаттанарлық болғаннан кейін алтыншы тәулікте ауруханадан шығарылды. Әрі қарай өзі амбулаториялық ем алады".Мақсат Оразжанов, Ақтөбе облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі
Айта кетсек, 10 күн бұрын Бейбарыс Ыбыраев пен Рүстем Нығметов мінген тікұшақ оқу-жаттығу кезінде Сарыжар ауылы маңында құлаған еді. Әуе апатынан екі офицер жарақат алып, тағы бір ұшқыш Батыр Оразымбетов оқиға орнында көз жұмды. Кәсіби үш ұшқыш басқарған Ми-8-дің ақауы болған көрінеді. Мұндай болжамды қорғаныс министрлігінің өкілдері айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript