Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер жол апаты кезінде аман қалған мұғалімдердің жағдайы туралы айтып берді

Жол апаты Сурет: Zakon.kz
Қобда ауданында жол апатынан аман қалған екі мұғалімге шұғыл түрде ота жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апатынан кейін олар бірден ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды КТК.

"Ларгус автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі ара қашықтықты сақтмай, жылдамдықты асырып, ДАФ жүк көлігінің артына соғылған. Үш адам оқиға орнында қаза тапты. Төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілді". Ақтөбе облысы ПД бөлім бастығы Еркін Өтегенов


Бір жолаушы ауруханаға түскен бойда көз жұмған. Жеңіл көлікте Орал қаласының мектебінде жұмыс істейтін мұғалімдер болыпты. Олар Ақтөбедегі жоғары оқу орындарының бірінде сырттай оқыған. Енді диплом алуы керек екен. Сол үшін такси жалдап, бәрі бірге шыққан. Аман қалған 27 жастағы жүргізуші мен екі мұғалім қазір облыстық ауруханада жатыр. Сүйектері сынып, жансақтау бөліміне түскен.

"Тексеруден кейін екі науқасқа ота жасалды. Біреуінің қабырғалары сынған, оң жақ иығы да сынған. екіншісінің де оң жақ иығын түзеп, тізе маңындағы еттерін тігу керек болды. Қазір үш науқас та жансақтау бөлімінде. Тұрақты, ауыр деп бағаланады жағдайлары". Травматолог дәрігер Жасұлан Орынбаев

Үшінші науқас - мұғалімдерді тасыған LADA Largus жүргізушісі. Оның оң жақ аяғы сынған.

Айта кетсек, 1 маусымда Самара - Шымкент тас жолының 594 шақырымында жол апаты орын алып, оқиға орнында үш адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға түсіп, көп ұзамай олардың бірі көз жұмғаны белгілі болды. Марқұмдардың барлығы Ақтөбеге диплом алуға бара жатқан мұғалімдер екені анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: