ҚХА-ның Мәжілістегі бос орынға депутат сайлауының уақыты белгіленді

Отырыс Сурет: ҚР ОСК баспасөз қызметі
17 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста Ортсайлауком «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы» қаулы қабылдады.

Ортсайлаукомның шешімімен шығып қалғанның орнына Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау 2022 жылғы 28 сәуірге тағайындалды. ҚР ОСК баспасөз қызметі

Осы қаулы бойынша 2022 жылғы 28 сәуірге белгіленген шығып қалғанның орнына Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау науқанының келесі кезеңдері анықталды:

  • кандидатты ұсыну – 29 наурыздан бастап 7 сәуір, сағат 18.00-ге дейін (сайлауға бір ай қалғанда басталып, жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады).

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесі жүргізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі азаматтың сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Ортсайлаукомға жіберіледі.

  • тіркеу - ағымдағы жылғы 8 сәуірден бастап 12 сәуір, сағат 18.00-ге дейін (Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу сайлауға жиырма күн қалғанда басталып, оған он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады).

  • сайлау алдындағы үгіт-насихат – 12 сәуір сағат 18.00-ден 27 сәуір, сағат 00.00-ге дейін (кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады).

  • тыныштық күні – 27 сәуір.

  • дауыс беру күні – 28 сәуір.

    Парламент Мәжілісі депутатын сайлау қорытындыларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей - ағымдағы жылғы 4 мамырдан кешіктірмей белгілейді және сайлау қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз