Жаңалықтар тізбегі
0

Ассамблея Мәжіліс депутаттығына 9 кандидат ұсынды

googleusercontent.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2020 17:54 googleusercontent.com
2020 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдарды тексерді және ол адамдардың Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның талаптарына сәйкестігі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінінің шешімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынылды:

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Амирханян Аветик Рубенович - Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

Буларов Ильяс Юсупович - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі;

Дементьева Наталья Григорьевна – Көкшетау қаласы білім бөлімінің "Техникалық лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Ли Юрий Виссарионович – "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;

Набиев Вакиль Гусейнович – "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;

Осин Шамиль Абзалетдинович – "Шығыс" фермерлік шаруашылығының басшысы;

Тохтасунов Владимир Имтахунович – "ЖетісуОблГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;

Хамедов Абилфас Муслимович – "Әзірбайжандар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: