Жаңалықтар тізбегі
0

Ақбұлақтағы атыс: басты сот отырысының күні белгіленді

атыс, сот шешімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 17:55 Сурет: Zakon.kz
Ақбұлақта атыс ұйымдастырған Игорь Дужновтың ісі бойынша басты сот отырысы 29 наурызға белгіленді. Бұл туралы Алматы қалалық сотында мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 наурыз күні сағат 15:00-де Игорь Дужновқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Алдын ала сот отырысында сотталушы алқабилердің қылмыстық істі қарауынан бас тартты. Істі судья қарайды. Басты сот отырысы 29 наурыз күні сағат 10.00-ге белгіленді. Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын

10 наурызда Игорь Дужновтың ісі сотқа жіберілгені белгілі болды.

Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақта 54 жастағы Игорь Дужнов басқаларға оқ жаудырған. Нәтижесінде бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Белгілі болғандай, бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны болса, екіншісі оның танысы.

«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша тергеу басталды.

Кісі өлтіргені үшін ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: