«Ақбұлақта» атыс шығарған Дужновтың ісі сотқа жіберілді
Сурет: Zakon.kz
«Ақбұлақ» шағын ауданда сот орындаушысы мен оған еріп барған адамдарды атқан алматылық Игорь Дужновтың ісі сотқа өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қалалық сот өкілі мәлімдеді.
Игорь Дужновқа қатысты қылмыстық іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын
20 қыркүйекте Алматының Алатау ауданындағы «Ақбұлақ» шағын ауданында 54 жастағы Дужнов сот орындаушысы мен оған еріп келген адамдарға оқ жаудырды. Салдарынан бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын болған еді. Оқиға орнында мерт болған бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны болса, екіншісі оның танысы.
Қазір Дужновтың үстінен «кісі өлтіру» және «билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript