Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ пен ҚХР басшыларының келіссөздері, Батыс РФ дипломаттарын қайтарып жатыр

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 22:54 Сурет: Украина президентінің баспасөз қызметі
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Джо Байден телефон арқылы екі ел арасындағы қатынастарды талқылады. Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Путин мен Зеленскийдің кездесуі арадағы келісім бекітілген жағдайда мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Еуропалық комиссия Украинаның Еуропалық Одаққа мүшелігі мәселесін бірнеше айда шешеді – Зеленский.

  • Украина Еуропалық Одақтан 500 миллион евродан астам соманың әскери тасымалын сұрады.

  • Джо Байден: АҚШ Қытаймен арадан "жаңа қырғи-қабақ соғыс" жүргізуге, Қытай жүйесін өзгертуге ұмтылмайды, одақтарды нығайту арқылы Қытайға қарсы тұруға да ниетті емес, "Тайвань тәуелсіздігін" қолдамайды және Қытаймен қақтығысқа барғысы келмейді.

  • Си Цзиньпин: Қытай мен АҚШ бір-бірін құрметтеуі, бейбіт қатар өмір сүруі керек және шиеленістен аулақ болуы тиіс. Қытай-американдық қатынастар бұрынғы АҚШ әкімшілігі тудырған дағдарыстан әлі сытылып шыққан жоқ, оның орнына үлкен проблемаларға тап болуда. Егер Тайвань мәселесі дұрыс шешілмесе, бұл екі ел арасындағы қатынастарға қатты әсер етеді.

  • Латвия, Эстония және Литва Ресей елшіліктерінің қызметкерлерін еліне қайтарады.

  • Болгария 10 ресейлік дипломатты нон-грат тұлға деп жариялады.

  • 28 ақпаннан бастап 24 миллионнан астам адам Украинаны тастап кетті.

  • Норвегия ЕО-ның Ресейге қарсы бірқатар санкцияларына қосылды.

  • Мәскеудегі "Лужники" стадионында митинг-концерт өтті, оған 200 мыңнан астам адам қатысты.

  • Донбасты басқару мәселесін халқы шешуі керек, - деді келіссөздер барысында Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский.

  • Мединский: Путин мен Зеленскийдің кездесуі Ресей Федерациясы мен Украина Келісімшартты дайындап, бекіткен кезде ғана мүмкін деп айтуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: