Ердоған Ресей мен Украинаны татуластырмақ ниетте

Түркия, достық , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 16:32 Сурет: pixabay
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның екі ел арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу үшін Ресей көшбасшысы Владимир Путин мен Украина Президенті Владимир Зеленскийдің кездесуін өткізуге дайын екенін тағы да айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Егер екі жақта да бірдей ниет болса, Түркия арадағы бейбітшілікті қалпына келтіруге жол ашу үшін Ресей мен Украина басшыларының кездесуін ұйымдастыруға дайын. Режеп Тайып Ердоған

Түркия Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс ушықпай тұрғанда шешілгенін қалайды. Режеп Тайып Ердоған мәселені қарулы шабуылмен шешу аймақ үшін ұтымды болмайтынын айтқан. 

Айта кетейік, бұған дейін Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинді Түркияға шақырған. Бірақ сапардың күні әлі белгіленбеген.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: