Назарбаев: Ресей мен Украина шиеленісі бейбіт шешіледі

russia now, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2019 23:21 russia now
Біз Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің бейбіт шешілгенін қалаймыз. Мен олардың сұрауымен үнемі іске араласудамын. Барлық соғыстар, шиеленістер бейбітшілікпен аяқталады, бұл соғыстың да аяқталатын кезі келеді – Елбасы.

Ресей мен Украина шиеленісі бейбіт жолмен шешіледі, Қазақстан сол үшін қолдан келгенінің бәрін жасайды. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының 27-ші сьезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Елбасы Қазақстанның халықаралық қауымдастықта бітімгер ретінде танымал екенін еске салды.

– Бізде кездесулер өтуде. Еліміз Таулы Қарабақ, Пәкістан, Үндістан, Иран, Сирия, Ресей мен Түркиядағы жағдайды тыныштандыруға үлесін қосқанын білесіздер. Біз Ресей мен Украина арасындағы кикілжіңді бейбіт жолмен шешкіміз келеді. Мен олардың сұрауымен үнемі іске араласудамын. Бұл іспен біз бәрібір айналысуымыз керек, барлық соғыстар, шиеленістер бейбітшілікпен аяқталады, бұл соғыстың да аяқталатын кезі келеді. Біз бірнеше рет Қырғызстан, басқа да елдердің соғыс жағдайынан шығуына көмектестік, – деді Тұңғыш Президент.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: