Жаңалықтар тізбегі
0

Чаттан шыққан шатақ. Сыныптасын атып өлтірген экс-полицей сотталды

Қылмыстық оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 23:58 Сурет: pixabay
Қостанай соты сыныптасын өлтірген экс-полицейге 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Майор шенінен айрылған  Руслан Қылышев онан бөлек, марқұмның отбасына 5 миллион теңге өтемақы төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атышулы іске қатысты  тергеу мен сот процесі  бір жылға созылды. Полицейдің қару кезенуіне достар чатындағы жанжал түрткі болған. Руслан Қылышевті сыныптасы  балағаттап, намысына тиетін сөздер айтқан көрінеді. Кейін екі дос қаладағы Тәуелсіздік көшесінің бойында кездеседі. Сол жерде экс-полицей   досын аңшы мылтығымен атқан. Оқ иыққf тиген. Күдікті оған өзі  алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ажалдан құтқарып қалмақ  болыпты. Өкінішке орай Ермек Омаров оқиға орнында жан тапсырған, делінеді Астана телеарнасының сюжетінде.

Сотталушының  қасақана  кісі өлтіргені  айғақтармен  дәлелденді. Сот ватсап чатты зерттеу барысында  жанжалдың шығуын, қатысушылардың  мінез-құлқын анықтады. Сонымен қатар оның кінәсі куәгерлердің, оқиға куәгерлерінің айғақтарымен, сарапшылардың, сараптама құжаттарымен, тергеу істерінің хаттамаларымен  дәлелденіп отыр. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Алтынай Сағындықова

Сот барысында бұрынғы полиция  қызметкері кінәсін мойындаған  жоқ. Үкімге де наразылық білдірді. Ал оның адвокаты  талап-арыз жазатынын,  жоғарғы сотқа дейін баратынын жеткізді.

104-ші бап. Яғни абайсызда адам өлтіру бабына ауыстыруды сұрадық. Бұл бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру  жазасы қарасытырылған. Адвокат Гүлнәр Күзбаева

Мемлекеттік айыптаушы Қылышевті 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.  Ал жәбірленуші тарап 100 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етті.

Сот Руслан Қылышевтің 3 кішкентай баласы  бар екенін  ескеріп,  оған 9 жыл жаза тағайындады.  Сотталушы марқұмның отбасына 5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді делінеді.

Айта кетсек, экс-полицейдің қолынан қазақ тапқан Ермек Омаров қаладағы емханалардың бірінде тіс дәрігері болып жұмыс істеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: