Жаңалықтар тізбегі
0

Түрікменстанның жаңа президенті ел үкіметін отставкаға жіберді

Түрікменстан, Сердар Бердімұхамедов, үкімет, министрлер кабинеті, отставка, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2022 15:42 Сурет: turkmenistan.gov.tm
Түрікменстанның жаңа президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекет басшысы қызметіне кіріскеннен кейін ескі министрлер кабинетінің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Нейтральный Туркменистан» басылымының жазуынша, үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлық президентті ұлықтау рәсімінің ертесінде шықты.

Түрікменстан министрлер кабинетін тарату Түрікменстан Конституциясына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте үкіметтің барлық мүшелері жаңа министрлер кабинеті жасақталғанға дейін жұмысын жалғастыра береді.

Еске салсақ, Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы 12 наурыз күні өтті. Сайлауда 9 үміткер бақ сынады. Нәтижесінде 40 жастағы вице-премьер Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: