Жаңалықтар тізбегі
0

КҚК-дағы апатқа байланысты мұнай жөнелту көлемі үш есеге төмендеуі мүмкін

Мұнай , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2022 13:41 Сурет: pixabay
Каспий құбыр консорциумының арнайы екінші жабдық бөлігіндегі құбырдағы зақымды қалпына келтіру жұмыстары біршама уақытты алады. Алдында сүңгуірлер арнайы үшінші жабдықтан да осындай ақауды анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Каспий құбыр консорциумы қара теңіздегі дауылдың салдарынан арнайы екінші жабдық бөлігіндегі 9-шы және 13-ші тармағындағы құбырға зақым келгенін хабарлады.

Жүйедегі аталған ақау күрделі болып саналады. Осы орайда құрылғыларды қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Каспий құбыр консорциумы аталған жабдықтарды пайдалануды уақытша тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Каспий құбырлары консорциумы

Ауа райының қолайсыздығына және танкерлерді жуу қажеттілігіне байланысты жөндеу жұмыстарына біраз уақыт кетуі ықтимал екендігі де айтылады.

22 наурызда дауылдан кейін жағалаудан шығарылатын құрылғыларды тексеру кезінде арнайы екінші жабдық бөлігіндегі 9-шы және 13-ші тармағындағы құбырға зақым келгені анықталған. Осыған байланысты жөндеу әрі жуу жұмыстарын жүргізу үшін АЖБ-3-тің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Сарапшылар бұл апат әлемдік нарықтағы тапшылықты күшейтіп, мұнай бағасының өсіміне ықпал етуі мүмкін деп болжайды.

Қазақстандық компаниялар консорциум акцияларының 20,75%-на ие, тағы 31% - РФ, қалғандары LUKARKO, Shell, Exxon, Chevron, Mobil және басқа компанияларға тиесілі. Каспий құбыр консорциумы - отандық мұнай үшін негізгі экспорттық бағыт. Құбыр арқылы айдалатын "қара алтынның" 80%-дан астамы Қазақстаннан жөнелтіледі. Магистральдың жылдық қуаты 67 млн тонна мұнайды құрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: