Қазақстаннан КҚК арқылы мұнай айдау 30%-ға төмендеуі мүмкін

Қазақстаннан КҚК арқылы мұнай айдау 30%-ға төмендеуі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 15:53 Сурет: Facebook/cpcpipe
Дрондардың шабуылынан кейін мұнай айдау стансасының зақымдалуына байланысты Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі арқылы айдау 30%-ға төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz "Транснефть" ҚАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КҚК мамандарының айтуынша, аталған шабуылдың салдары 1,5-2 ай ішінде жойылады, бұл Қазақстаннан айдалатын мұнай көлемінің шамамен 30%-ға төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылдың 17 ақпанына қараған түні дрондардың шабуылы салдарынан Кубаньның Кавказ ауданында орналасқан Кропоткинская мұнай айдау стансасының жұмысы бұзылған.

Ол кезде консорциум шабуылды жарылғыш заттардан басқа, металдан соққы беретін элементтер толтырылған жеті дрон аппараты жасағанын түсіндірді.

Шабуыл нәтижесінде нысан ауыр зардаптарға ұшырады: шатыры қирады, жабық тарату құрылғысы мен газтурбиналық қондырғы (ГТҚ) зақымдалды, кабельдер мен кабель тартпалары, су ыдысы да зақымданды, 2 трансформатор, сүзгілер және өрт сөндіру жүйесі жойылды.

"Кропоткинская" МШС шұғыл түрде жұмысы тоқтатылды.

Қазір "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнайды тасымалдау апаттық схема бойынша уақытша жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: