Қостанайда жасөспірім іздестірілуде: жеке заттары мен телефоны өзен жағасынан табылды

жоғалып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 16:42 Сурет: pixabay
Қостанайда жоғалған жасөспірімді іздеп жатыр. Ол 26 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта «Алау» сайтында атап көрсетілгендей, кешенді іздестіру шаралары жүргізілуде, Қостанай полиция басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған.

Іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылған.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер тұрғындардан осы факті бойынша 102 нөміріне хабарласып, ақпарат беруді сұрайды. Полицейлер Тобыл өзенінің жағасынан Корей көпірінің маңында жасөспірімнің заттары мен ұялы телефонын тапты, деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Сурет: alau.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: