ҰҚК бірқатар өңірлерде қару-жарақ пен оқ дәрілер тәркіледі
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қаруды қайта жасау цехы жойылды. Осы әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен екі азамат ұсталды. 4 «Калашников» автоматы, «СКС» иір ойықты карабині және 48 патрон тәркіленді.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Алматы қ. бұрын ұсталған «Қазақстандықтар» ҰҚТ мүшелері 19 бірлік тегіс ұңғылы мылтықты ерікті түрде тапсырды.
Сонымен қатар Алматы өңірінің тұрғындарынан 9 бірлік қару, 274 патрон алынды.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Павлодар облысында 2 келте мылтық, 1 «Ф-1» гранатасы, «PTB140/2» маркалы пистолет және әртүрлі калибрдегі 70 патрон бар жасырын орын табылды.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қызылорда облысында иесіз қалған ғимараттағы жасырын орыннан оптикалық көздеуіші бар «Тигр» маркалы 1 карабин және оған 17 патроны бар 2 оқжатар алынды.
Атырау облысында 12-ші калибрлі 2 тегіс ұңғылы келте мылтық алынды.
Заңсыз айналымнан барлық алынғаны: 47 бірлік қару, 2 граната, 2398 оқ-дәрі.
Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.