Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында қар көшкінінен 23 кәсіпкер шығынға ұшырады

Қар, жел, Қызылорда облысы, төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:26 Сурет: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қызылорда облысындағы Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде көл жағасына жиналған мұз ығысып, көшіп, салдарынан «Аққұмшық» жазғы демалыс аймағының жағалау аумағындағы жазғы алаңдар мен уақытша құрылыстар ішінара бұзылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша өңірде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жеткен. Соның салдарынан Қамыстыбас елді мекенінде көл жағасына жиналған мұз ығысып, көшті.

Қызылорда облысы, қар көшкіні, кәсіпкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:26

Сурет: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Салдарынан «Аққұмшық» жазғы демалыс аймағының жағалау аумағындағы жазғы алаңдар мен уақытша құрылыстар (23 кәсіпкердің уақытша құрылыстары) ішінара бұзылды.

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төтенше жағдай кезінде Төтенше жағдайлар департаментінен 2 қызметкер мен 1 техника, жергілікті атқарушы органнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Зақымдалған құрылыстардың саны нақтылануда. Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: