Түркістан облысында бес ауылды су басты

Түркістан облысы, су, нөсер, елді мекендер, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 09:56 Сурет: Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі
Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір күнгі нөсерден бес ауыл суға кеткен. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығыны болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарабау ауыл округ Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген, деп жазылды Qazaqstan телеарнасының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекеніне 12 үйге су кірген.

Арна тілшілерінің хабарлауынша, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір су басқан аймақта Төтенше жағдайлар депаратаментінің қызметкерлері мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: