Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде оқушы қызды құтқарған жігіттер мән-жайды айтып берді

қызды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2022 12:17 Сурет: Zakon.kz
«Батыс-2» ықшамауданындағы «Арбат» тұрғын үй кешені маңындағы арықта батып бара жатқан қызды құтқару оқиғасының мән-жайы белгілі болды. Zakon.kz тілшісі көмекке келген азаматтарды тапты.

«Батыс-2» ықшамауданындағы оқиға 31 наурыз күні даладағы қардың еруінен болған. Сол күні оқиғаға жақын маңда орналасқан фитнес-клуб қызметкерлері жаяу жүргіншілер жолы мен жол бойындағы су деңгейінің көтеріле бастағанын байқаған.

Бір кезде су тоқтамай ақты. Біз су басуы мүмкін екенін түсіндік. Клубымызда болған клиенттерімізді сыртқа шығардық. Шамамен 10 минуттан кейін су деңгейі көтеріліп, клубты басты. Ағынның қатты болғаны соншалық, су тізеге дейін жетті. Біз ғана емес жанымыздағы көршілерге де келді. Тасқынмен күресіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанымызда кенет жақын маңдағы көшеде бірдеңе болып жатқанын, бір әйелдің әбігерге түскенін байқадық. Анық болғандай біреу суға батып жатыр екен. Алексей Ступенко

Клубтың бапкерлері Алексей Ступенко, Альберт Дедусев, Юрий Лысенко және Евгений Зелевский көп ойланбастан суға батып бара жатқан қызға көмекке келген. Белгілі болғандай ол мектеп оқушысы екен.

Ол жердің тереңдігі 1,5 метрдей, су ағатын шұңқыр бар. Судың көптігінен арық бітеліп, құбырға сыймай тасыған. Қысым өте үлкен болды. Жоғарғы жағында жол бар, қоршау бар, бірақ екінші жағында - жоқ. Қыз мектептен келе жатып, үлкен шалшықтың шетінен айналып өткісі келді ме, әлде қарға секіргісі келді, біз оның арыққа құлаған сәтін көрмедік. Бірақ соңында ол судың астына түсіп кеткен. Біз дереу жүгіріп барып, көмектестік, бұл кезде оның басы ғана көрініп тұрды. Алексей Ступенко

Алексей: «Біз оның құлап қанғаның емес, батып бара жатқанын түсіндік».

Ол бір қолымен әрең ұсталып тұрды. Сәл болғанда, ағын судың астында алып кетер еді. Төртеуміз жабылып тарта бастадық, ол кептеліп қалғандай болды. Аяғы бірдеңеге ілініп қалыптыү Қолынан тартқылап жатқанда, буындарының сықырлағанын естідік, судың қысымы өте күшті болды. Әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі полицейлер өтіп бара жатыр еді, олар да көмектеспекші болды, тұрғын үй кешенінің күзетшісі жүгіріп келіп, оны ортақ күшпен алып шықтық. Алексей Ступенко

Қызды алып шыққаннан кейін, жаттықтырушылар жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер тексергеннен кейін құтқарылған қыз ата-анасымен бірге үйіне жеткізілген.

Ал клуб қызметкерлері сумен күресуді жалғастырды, жүк тиегішпен есіктерге құм әкелді.

Алексейдің айтуынша, су түнгі сағат 2-ге дейін ағып тұрған, осы уақыт бойы жаттықтырушылар техника мен клубты су басудан қорғап, қалған суды жинап алған.

Фитнес-клубтың қызметкерлері су тағы келсе, жағдай қайталануы мүмкін деп қорқады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: