Оқушы қызды құтқарған ақтөбеліктер марапатталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 15:29 Сурет: zakon.kz
Шұңқырдағы еріген қар суына батып бара жатқан қызды аман алып қалған ақтөбеліктер елеусіз қалмады. Тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен фитнес-клубтың жаттықтырушыларын ҚР Төтенше жағдайлар министрі марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алексей Ступенко, Юрий Лысенко, Альберт Дедусев, Евгений Зелевский және Ерболат Құлжігітовке Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Еске салсақ, 31 наурызда 12 жасар оқушы қыз еріген қар суы толған шұңқырға құлап кеткен болатын. Оқиға «Батыс-2» шағын ауданында «Арбат» тұрғын үй кешенінің маңында болған. Қызды сол маңдағы азаматтар аман алып қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: