Нұр-Сұлтанда кішкентай қызды құтқарған азамат марапатталды

Сәбит Шонтақбаев және ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 17:21 Сурет: Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар министрлігі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі терезеден құлай жаздаған 3 жасар қызды аман алып қалған азаматты марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінде бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев батыр – азамат Сәбит Шонтақбаевты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Ол елордада терезеден құлаған баланы аман алып қалды.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Қазнетте сегізінші қабаттың терезесіне асылып қалған баланы құтқару сәті түсірілген видео пайда болғаны хабарланған еді. Үш жасар қызды төменгі қабатта тұратын көршісі Сәбит Шонтақбаев аман алып қалды.

Кейін Нұр-Сұлтан Полиция департаменті ерліктің жай-жапсарын айтып берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: