Түрікменстанда такси жүргізушілеріне жаңа президенттің портретін сатып алу міндеттелді

жаңа президент Сурет: Instagram/gmberdimuhamedow
Түркіменстанның полиция қызметкерлері жаңа президент Сердар Бердімұхамедовтің портреттерін такси жүргізушілеріне сата бастады. Жаңа талапқа дейін жүргізушілер салондағы көрнекті жерде Бердімұхамедов ағаның портреті болуы керек еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мары велаятында жол полицейлерінің жаңа талаптары тіркелді.

«Азаттық» радиосының хабарлауынша, тәртіп сақшылары «адамдар бұл көліктің такси екенін көруі үшін» көліктердің алдыңғы әйнегіне таңбалауға арналған өнімдерді тарата бастады.

Жол полициясының қызметкерлері қарапайым қағаздың стандартты парағына төрт портретті басып шығарды. Сосын көшірген портреттер бізге сатылады», - дейді такси жүргізушілері.

19 наурызда Сердар Бердімұхамедов Түркіменстан президенті қызметіне кірісті. Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы 12 наурызда өткен сайлауда 72,97% дауыс жинап, жеңіске жетті. Ол бұрынғы президенттің саясатын жалғастыруға уәде берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз