Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстанмен шекарада жалған құжаттары бар 6 жүк көлігі ұсталды

алты жүк көлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 15:23 Сурет: gov.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 1 сәуірде тауарға жалған ілеспе құжаттар бойынша халық тұтынатын тауарлардың (киім, аяқ киім, косметика, ыдыс және т.б.) ірі партиясын Қазақстан Республикасына әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғыз Республикасынан келе жатқан 6 жүк автокөлік құралына қатысты тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында құжаттарда Қазақстан Республикасының алушысы ретінде көрсетілген компанияның аталған тауарлардың импортына ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталды.

Жүргізілген тексеру аясында компания басшысы импортқа қатысы жоқтығы туралы мәлімдеме жасады, осыған байланысты аталған іс бойынша материалдар тауарларды мемлекет кірісіне айналдыру мақсатында сотқа жіберілетін болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінде түсіндіргендей, импортқа қатысы жоқ тұлғалардың атына тауарларды әкелу сұлбасы импортқа ҚҚС төлеуден жалтару үшін қолданылады.

Қырғыз Республикасымен өзара саудада көлеңкелі тауар айналымын қысқарту мақсатында бірқатар жұмыс кездесулері өткізілді.

Бұл мәселе 2022 жылығы 15-16 ақпанда Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында да қаралды.

Нәтижелері бойынша Қырғыз Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық қызметі 16 ақпаннан бастап экспорттаушыларда ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде тасымалданатын тауарға электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) болуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді өзіне алды.

Дегенмен, ЭШФ-сыз тауарларды өткізу фактілері жалғасуда.

Мысалы, тек 27-31 наурыз аралығында қытай өндірісінің халық тұтынатын тауарларын тасымалдаған 345 жүк машинасының 268-і (78%) ЭШФ-сыз жөнелтілген. Қалған жағдайларда ЭШФ барлық тауарға рәсімделмеген.

Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізген Қырғыз Республикасынан келе жатқан жүк автокөлік құралдарына қатысты тексерулер Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес келетінін атап өткен жөн, оларға сәйкес тақырыптық салықтық тексерулер тасымалданатын тауарға ЭШФ болмаған кезде жүргізіледі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: