Алматы облысындағы зират маңынан жануарлар өлексесінің қалдықтары табылды
Сурет: видеодан скриншот
Алматы облысында жергілікті тұрғындар жан-жануарлардың қалдығы шашылған жерді видеоға түсіріп алды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі де мал сою пунктінің табылғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде жануарлардың дене мүшелері шашылып жатқаны түсірілген видео тарады. Видео авторының айтуынша, бұл жерге жақын маңда зират бар.
Төңкеріс ауылы шетінен жануарлардың бөлшектенген әрі шіріп жатқан дене мүшелері табылды. Кішкентай ауылдан қылмыскерлерді табу қиын болмайтын шығар. Мұны бұлай қалдыруға болмайды. Біреу бұл істі бір жолға қойып алған сияқты., – деп жазылған видеоның астына.
Zakon.kz редакциясы бұд жағдайды анықтау үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жүгінді.
Жануарлардың қалдықтарын шығаратын қасапхана табылды. Қоршаған ортаны қорғау полициясы осы іске қатысты шаралар қабылдайды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript