«Неткен сұлулық!»: Арал теңізінің ғарыштан түсірілген фотосы жарияланды

Арал теңізі Сурет: telegram/oleg_mks
«Союз ТМА-М» кемесінің бортинженері, Роскосмостың сынақ ғарышкері Олег Артемьев ғарыштан Арал теңізінің қалай көрінетінін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғарышкер Арал теңізінің ғарыштан түсірілген бірнеше фотосын өзінің Telegram-дағы арнасында жариялады.

Фотода Орталық Азиядағы бұрынғы сусыз тұзды көл. Таяздау басталғанға дейін Арал теңізі көлемі жағынан дүниежүзіндегі төртінші көл болды, – деп жазды бортинженер Олег Артемьев.

Фотоларды көрген желі қолданушылары қызу пікір қалдырып жатыр. Олар теңіздің жақын арада жоғалып кетуі мүмкін екеніне өкінішін білдірді.

  • «Сұлулық!»

  • «Өте әдемі!»

  • «Эмоцияларыңызға рақмет!»

  • «Бұл өте керемет!»

  • «Иллюминатордан түсірілгендей! Сұлулық!»

  • «Арал теңізінің таязданып бара жатқаны өкінішті! Ал суреттер тамаша!»

  • «Ол жоғалып барады... Жақында мүлдем кебеді...» деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін Олег Артемьев Каспий теңізін түсіріп, ғарыштан Қазақстанға сәлем жолдаған еді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз