«Союз МС-19» ғарыш кемесінің ғарышкерлері Қазақстанға аман-есен қонды

Союз МС-19, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 19:45 Сурет: Роскосмос
"Союз МС-19" ғарыш кемесінің экипажы - екі ресейлік ғарышкер, сондай-ақ NASA-ның америкалық ғарышкері Марк Ванд Хай Қазақстанға аман-есен қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлағандай, ресейлік ғарышкерлер Антон Шкаплеров пен Петр Дубров, сондай-ақ NASA астронавты Марк Ванд Хай мінген аппарат шамамен Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай жазық даладан табылды.

Ғарыш кемесі экипажының мүшелері эвакуацияланып, дәрігерлер қарағаннан кейін олардың скафандрын шешу және биофизикалық көрсеткіштерін тіркеу үшін медициналық шатырға апарады.

Кеме Халықаралық ғарыш станциясынан сағат 13:19-да (Нұрсұлтан уақыты бойынша) ұшып шықты, содан кейін аппарат автономды ұшу режиміне қосылды.

Экипаж ғарышта бір жыл болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: