Жаңалықтар тізбегі
0

Рамазан айының басталуына орай Қазақстан президентінің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсуде

құттықтау, жедел хат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 15:00 Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтауында екі ел халқын байланыстыратын берік достық пен тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жан-жақты кеңеюі көршілес екі халық пен мемлекеттің өркендеуіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл аймағымыздағы бейбітшілікті, тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді, – делінген өзбек көшбасшысының жеделхатында.

Сауд Арабия Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Корольдіктің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд Қасым-Жомарт Тоқаевты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт тілеген, ал бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

Сонымен қатар Қазақстан көшбасшысын БАӘ Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла, Кувейттің Тақ мұрагері Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Палестина Президенті Махмуд Аббас құттықтады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: