Жаңалықтар тізбегі
0

Наурыз мейрамына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсуде

Наурыз мейрамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 12:44 Сурет: Zakon.kz
Наурыз мерекесіне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров өз құттықтауында ортақ мұрамыз әрі жыл басы саналатын Наурыз мейрамын бабаларымыздың ізгі ниетпен және үлкен үмітпен тойлағанын жазған.

Көктемнің осынау мерекесі бауырлас екі халықтың дамып, өркендеуіне ақжолтай болсын. Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ортақ рухани құндылықтарға, достыққа және стратегиялық серіктестікке негізделген көпжақты қатынастарды одан әрі дамыту үшін Сізбен ынтымақтастықта жұмыс істейміз деп үміттенемін, – делінген жеделхатта.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов те Мемлекет басшысы мен бауырлас Қазақстан халқына өзінің құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады.

Наурыз мейрамы ежелден табиғаттың, тіршіліктің қайта түлеп, көктемнің келгенін білдіреді. Бұл мереке қонақжайлық, бейбітбішілік, тату көршілік және гуманизмнің биік қағидаттарына негізделген дәстүрді ұштастырады. Сондықтан оның халықтар арасындағы бірлік пен достықты нығайтудағы маңызы ерекше. Осынау бірегей мейрам Сізге, барша Қазақстан халқына қуаныш, амандық, бақ-береке әкелсін, – деп жазған Түрікменстан Президенті.

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси құттықтау жеделхатында Наурыз мейрамы азаматтарымыздың жүректеріне қуаныш сыйлап, аймақтағы барлық халыққа бейбітшілік пен ынтымақ алып келсін деп жүрекжарды тілегін жазған.

Иран Ислам Республикасы осы мәдени ынтымақтастықты, бейбітшілік пен тыныштықты бүкіл әлемге жаю және нығайту ісін қолдайды. Сондай-ақ бұл мақсатқа қол жеткізу үшін барлық елге достық қолын созуға дайын, – делінген Иран Президентінің жеделхатында.

Сонымен қатар өздерінің құттықтау жеделхаттарын Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Мехмет Сурея Эр, ТҮРІКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қайрат Абдрахманов, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай және басқалар жолдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: