Фармацевт шатастырып берген дәріден 3 жасар бала уланды

дәріден уланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 09:36 Сурет: pixabay
Павлодарда фармацевт дәрілерді шатастырып жіберді. Салдарынан бала антидепрессант ішіп, уланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінен анасы 2019 жылы туылған баласына дәрігердің рецепті бойынша дәрі сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін сәби өзін нашар сезініп, құса бастайды. Әйел дереу жедел жәрдем шақырған. Анық болғандай, ауруханада балаға антидепрессанттан уланды деген диагноз қойған. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер анықтағандай, фармацевт қателесіп, әйелге басқа дәрі сатып жіберген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы – медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: