Жаңалықтар тізбегі
0

Головкин мен Мурата жекпе-жекке екі күн қалғанда кездесті

бокс өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 11:45 Сурет: twitter/GGGBoxing
7 сәуірде IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA супер чемпион белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) жұдырықтасу алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Геннадий Головкин мен Риота Мурата орта салмақтағы бокстасу алдында алғаш рет БАҚ алдына шықты.

Маған берілген мүмкіндік үшін өте ризамын, Жапонияда болу үлкен мәртебе және Муратаны кездестіргеніме және титулдық жекпе-жеміздің өтетініне өте қуаныштымын. Мен Риотаны адам ретінде қатты құрметтеймін. Жекпе-жек алдында көп уақыт болды, сондықтан оған өте жақсы дайындалдық. Бұл тамаша жекпе-жек болады. Әлемдегі жағдай шынымен қиын. Мен мұндай шараларды ұйымдастыру көп күш жұмсайтынын түсінемін, осы шоуды ұйымдастыруға көмектескен промоутерлер мен Жапония үкіметіне алғыс айтамын. Көптен бері дайындалып, күткендердің үмітін ақтайтын жекпе-жек өткізгім келеді. Геннадий Головкин

Жекпе-жек 9 сәуірде өтеді, боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем титулдары мен WBA Super белбеуін сарапқа салады.

Бұл керемет жекпе-жек және Жапонияда Головкинмен жұдырықтасу мүмкіндігі. Осыған атсалысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Кездесу орнына келіңіз. Боксты ұйымдастырушыларға және маған осы тамаша мүмкіндікті сыйлағандарға тағы да алғыс айтамын. Риота Мурата
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: