Жаңалықтар тізбегі
0

Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды

ҚР президенті, ҚР президенті әкімшілігі, ҚР президентінің көмекшісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 09:16 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ернар Баспаев ҚР президентінің көмекшісі – ҚР президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын, – делінген Жарлық мәтінінде.

Ернар Баспаев Атырауда дүниеге келген.

Алматы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі. 2001 жылы университетті бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Жоғарғы cотының жанындағы Зияткерлік меншік құқығы комитетінде қызмет етті. Соңғы атқарған қызметі Қазақстан Республикасы Жоғарғы cотының судьяларының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету қызметінің сектор меңгерушісі болды.

  • 2010 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы.

  • 2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін – Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы.

  • 2019 жылдың шілдесінен – ​​Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: