Жаңалықтар тізбегі
0

Өскемен дәрігерлері 750 грамдық сәбиді аман алып қалды

сәби, шақалақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 16:38 Сурет: pixabay
Өскемен дәрігерлері салмағы 750 грамм шала туған нәрестені аман алып қалды. Олар алақанға сыйып кететіндей баланы сақтап қалу үшін бірнеше ай күрескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының айтуынша, Мұстафа 2021 жылы 16 желтоқсанда жүктіліктің 25-аптасында дүниеге келген. Туғанда нәрестенің салмағы 750 грамнан сәл асатын.

Бес ай бойы біз оның өмірі үшін күрестік. Ал бала болса, нағыз жауынгер, бізге көмектесті. Қазір сәбиіміздің салмағы үш келіден асады, – деді емдеуші дәрігер, неонатолог Жанна Мұқанова YK-news.kz тілшісіне.

Айта кетейік, Мұстафа – отбасындағы бесінші бала. Оны үйде анасымен бірге төрт әпкесі күтіп отыр.

Ақырына дейін күресіңіз, өзіңізге немесе балаларыңызға бір минут болса да күмәнданбаңыз. Сіз әрқашан кереметке, ғажайыпқа сенуіңіз керек. Ұлым үш ай жансақтау бөлімінде жатқанда маған оны күнде көруге рұқсат берді. Мен баламның әпкелері туралы айтып, оны қалай күтіп жүргенін айтып, қасына барар уақытымды санап отырдым, – дейді сәбидің анасы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: