Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының дәрігерлері өңешіне сүйек тұрып қалған әйелді аман алып қалды

сүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 00:47 Сурет: Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері сүйек жұтып қойған науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Ол 4 күн бұрын тамақ ішіп отырғанда, сүйек жұтып қойған.

"Сүйек тамағыма кетіп қалғанда мен дереу біздің аудандық ауруханаға бардым, дәрігерлер амбулаториялық емделуге жіберді. Тамағымның ауырғаны басылмады, содан жеке клиникаға бардым, олар мені облыстық ауруханаға жіберді", - дейді науқас.

Тексеру барысында дәрігерлер өңештің іш қуысының шырышты қабығында өткір сызықтық жыртылулардың пайда болғанын анықтаған.

"Бастапқыда хирургиялық араласу арқылы сүйекті алу мәселесі туындады, өйткені шырышты қабық жарылған еді және сүйек ағзада төрт күннен астам болды. Бірақ, консилиум эндоскопиялық емдеу әдісін жүргізу туралы шешім қабылдады", - дейді клиникалық-диагностикалық бөлімшенің дәрігері Данияр Қожантайұлы.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері диагностика мен емдеудің аз инвазивті эндоскопиялық әдістерін кеңінен қолданады, олар көптеген жағдайларда классикалық жедел хирургия әдістерін тиімді алмастырады.

"Ағзаға хирургиялық пышақ тимеген соң, мұндай араласулардан кейін науқастың оңалуы әлдеқайда жылдам өтеді. Қазір кезде науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр", - деді дәрігер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: