Алматы дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлаған бойжеткеннің өмірін сақтап қалды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 15:26 Фото: akorda.kz
Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлаған 17 жастағы бойжеткенді аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген. Оған екінші дәрежелі кома, травмалық және геморрагиялық шок, аяқ-қол, омыртқа мен жамбас сүйектерінің көптеген сынуы, сондай-ақ кеуде қуысының ауыр жарақаты диагнозы қойылған.

Ең қауіпті зақымдардың бірі – көкеттің (диафрагманың) жыртылуы болған. Соның салдарынан асқазан, көкбауыр және ішектің бір бөлігі кеуде қуысына ығысқан.

Мамандар шұғыл түрде күрделі ота жасап, ішкі ағзалардағы зақымдарды қалпына келтіріп, науқастың жағдайын тұрақтандырған. Одан кейін бойжеткен 12 тәулік бойы жансақтау бөлімінде ем алған.

Кейін оған сүйектер мен буындарды қалпына келтіру мақсатында тағы төрт операция жасалған.

Жалпы емдеу және оңалту процесі 58 күнге созылды.

Қазіргі уақытта бойжеткен ауруханадан шығарылып, оңалту курсынан өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысының Ақсу қаласында терезеден құлап кеткен бала операция кезінде көз жұмғаны хабарланған болатын. Аталған оқиғаға байланысты полиция жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: