Алматыда 9-қабаттан құлаған әйел бір аптаның ішінде аяғынан тік тұрды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 13:26 Фото: akorda.kz
Алматы қаласындағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлап, ауыр жарақат алған 34 жастағы әйелді аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей әйел ауруханаға хәл үстінде түскен.

Науқас көптеген сүйек сынулары мен ішкі ағзалардың зақымдануымен қатар жүрген ауыр аралас жарақатпен шұғыл түрде жеткізілген.

Түскен кездегі жағдайы өте ауыр деп бағаланды: кома және өміріне тікелей қауіп төндірген травмалық шок. Жедел жәрдем бригадасы ауруханаға дейінгі кезеңде интубация жүргізіп, шокқа қарсы терапияны бастаған.

Стационарға түскеннен кейін санаулы минуттардың ішінде қабылдау бөлімінде шұғыл медициналық көмектің толық көлемі көрсетілді. Науқасты емдеуге анестезиолог-реаниматологтар, травматологтар, нейрохирургтар, хирургтар, терапевтер, кардиологтар, психологтар және психиатрлар қатысты.

Дәрігерлердің айтуынша, мұқият дайындықтан кейін жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарға симультантты операция жасалды, ал екі тәуліктен соң жамбас сүйектеріне ота жүргізілді.

Науқас ауруханаға түскеннен кейін жетінші тәулікте аяққа тұрғызылып, ал оныншы тәулікте қанағаттанарлық жағдайда тиісті емдік ұсынымдармен үйіне шығарылған.

Бұған дейін Оралда дәрігерлер мас деп қарамағандықтан ер адам ауруханада көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: