Шымкентте жүк көлігі көпірден ұшып, үш көліктің үстіне құлады

Шымкент, жүк көлігі, көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 16:51 Сурет: видеодан скриншот
13 сәуірде Шымкентте ГАЗ-53 жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, салдарынан жүк көлігі шлагбаумды соғып, көлік жуу орнының жанында тұрған үш көліктің үстіне құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полицияның мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің тежегіштері істен шыққан.

Полицейлер «Көлік құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарын немесе өзге де мүлікті зақымдауға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бабы бойынша іс қозғады.

Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жолданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: