Қазақстанда газды көтерме сатудың шекті бағасын көтеру жоспарлануда
Сурет: pixabay
ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасын арттыру ұсынылады.
Мысалы, Нұр-Сұлтанда газдың мың текше метрі ҚҚС-сыз 29 629 теңгені құрайды (2021 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 30 маусымына дейін, бағасы 25 764 теңге).
Алматыда газдың бір текше метрі 24 548 теңге (қазір – 21 346 теңге) болады. Шымкентте газ бағасы 25 617 теңгеге (22 276 теңге) дейін көтеріледі.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА веб-сайтында 5 мамырға дейін орналастырылған. Сондай-ақ барлық аймақтар бойынша ұсынылған бағаларды көруге болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript