Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 22 сәуір күні қар аралас жаңбыр жауады

ауа райы бұзылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 17:14 Сурет: pixabay
Синоптиктер 22 сәуірге Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың шығысында қатты жаңбыр, солтүстікте, солтүстік-батыста жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді, найзағай күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде тұман, көктайғақ күтіледі;

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде көктайғақ, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі, түнде солтүстікте, шығыста, орталықта, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстік жартысында жел 18 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстік-батыста, оңтүстікте, күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте облыста тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең оңтүстік-батыста тұман күтіледі, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қарағандының солтүстігінде, батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысында найзағай кезінде желдің күшеюі, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысында найзағай кезінде жел 17-22 м/с, Алакөл маңында 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында бұрқасын күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, аздаған жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады), түнде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +6+8°С құрайды.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +21+23°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +24+26°С болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: